28.12.2007, 19:23 3098

Байқоңыр ғарыш айлағында жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүріп жатыр

Байқоңыр ғарыш айлағында жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүріп жатыр

Байқоңыр. 28-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыш айлағының мамандары үшін жаңа жылдық демалыс жақын арадағы ғарыш ұшырылымдарына дайындық жүргізуге байланысты қысқартылатын болады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ғарыш айлағында Ресейдің "Экспресс-АМ33" байланыс жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын, "Прогресс М-63" жүк кемесін алып ұшатын "Союз-У" зымыран тасығышын және Израильдің Amos-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының алдағы ұшырылымдарға дайындық жаңа жылдық демалысқа қарамастан толық көлемде жүргізілетін болады, бұл 2007 жылдың 30-желтоқсанынан 2008 жылдың 8-қаңтарына дейін жалғасады.

"Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға қарқынды дайындық жұмыстары 2008 жылдың алғашқы күндерінде басталады. "Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын М. Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінен қаңтардың басында әкелу күтілуде. Қазіргі уақытта ғарыш айлағында Байқоңырға үстіміздегі жылдың 25-желтоқсанында жеткізілген "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Келесі жылы Байқоңырда жүзеге асырылатын ұшырылым науқанын ашатын Ресейдің "Экспресс-АМ33" байланыс жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыру 2008 жылдың қаңтар айының соңына межеленген.

Сонымен қатар № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында "Прогресс М-63" жүк кемесінің жүйесіне тексеру жұмыстары жүргізілуде. Ғарыш жүк кемесін Халықаралық ғарыш станциясына "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру келер жылдың 7-ақпанына межеленген.

Сондай-ақ, Ресейдің Ауыр машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы, "Вымпел" тәжірибелік-конструкторлық бюросы, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы, Украинаның "Южное" конструкторлық бюросы мен басқа да ғарыш ұйымдары Израильдің Amos-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғастыруда.

Байқоңырдан Amos-3 ғарыш аппаратын алып ұшатын модернизацияланған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының алғашқы ұшырылымы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны