26.01.2012, 14:03 9152

Байқоңыр ғарышайлағынан "Прогресс М-14М" жүк ғарыш кемесімен "Союз-У" зымыран тасымалдағышы ұшырылды

Бүгін астана уақыты бойынша сағат 05:06-да №127-ші "Союз-У" зымыран тасымалдағышымен "Прогресс М-14М" жүк ғарыш кемесі ұшырылды.

Астана. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Байқоңыр ғарышайлағынан "Прогресс М-14М" жүк ғарыш кемесімен "Союз-У" зымыран тасымалдағышы ұшырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін астана уақыты бойынша сағат 05:06-да №127-ші "Союз-У" зымыран тасымалдағышымен "Прогресс М-14М" жүк ғарыш кемесі ұшырылды.

Зымыранды ұшыру штаттық бағдарлама бойынша өтті. Мүмкінді төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстық департаменттерінің апаттық құтқару күштері мен құралдарды сағат 03:05-тен 06:05-ке дейін жоғарылатылған дайындық режімінде болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны