05.01.2009, 19:08 3216

Байқоңыр ғарыштық сынақ айлағы РФ Қорғаныс министрлігінен Роскосмостың азаматтық кәсіпорындарының қарамағына өтті

Байқоңыр ғарыштық сынақ айлағы РФ Қорғаныс министрлігінен Роскосмостың азаматтық кәсіпорындарының қарамағына өтті

Байқоңыр. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңыр ғарыштық сынақ айлағы РФ Қорғаныс министрлігінен Роскосмостың азаматтық кәсіпорындарының қарамағына өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 2009 жылдың басынан бастап Ресей Федерациясы президентінің РФ Қорғаныс министрлігінің 5-ші Мемлекеттік ғарыштық сынақ айлағын тарату жөніндегі жарлығы күшіне енді.

2004-2008 жылдар аралығында ұйымдастырушылық -штаттық іс-шаралардың нәтижесінде Байқоңырда орналасқан 30-дан астам ресейлік әскери бөлімдер мен бөлімшелер таратылды.

Осы мерзімде Байқоңыр ғарыш айлағының инфрақұрылымдық нысандары РФ Қорғаныс министрлігінен Федералдық ғарыш агенттігінің (Роскосмостың) азаматтық кәсіпорындарының қарамағына біртіндеп өтті. Ғарыш айлағының нысандарын пайдалану үшін Роскосмостың құрамында арнаулы басқарма құрылды.

Қазір ғарыш айлағындағы барлық әскери нысандар "Байқоңыр" Ғарыштық орталығы" Федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының иелігінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны