28.02.2008, 17:42 4110

Байқоңырда америкалық "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда

Байқоңырда америкалық "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда

Байқоңыр. 28-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда америкалық "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Ғарыш айлағының мамандары көктемдегі алғашқы ұшырылымға дайындық жұмыстарын жалғастыруда. №92А-50 монтаждау-сынақ корпусында Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының мамандары "Протон-М" зымыранының, "Бриз-М" үдеткіш блогының және өтпелі жүйенің автономды дайындығын іске асырады.

Сонымен бір мезгілде №92А-50 корпусының залында "АМС-14" ғарыш аппаратын жасаған америкалық фирма мамандары ғарыш аппаратын жанармай компоненттерімен толтыруға дайындау үстінде.

"АМС-14" телекоммуникациялық жер серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасап шығарған. Жер серігі 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етпек. "АМС-14" 15 жыл пайдалануға арналған.

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен "АМС-14" ғарыш аппаратын ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны