Система Orphus

Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы № 45 алаңның ұшырылым кешеніне орнатылды

21.04.2008, 16:33 1908

Байқоңыр. 21-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы жалпы құрастырылуда, - деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы темір жолмен ұшырылым кешеніне жеткізіліп, № 45 алаңның ұшырылым қондырғысына орнатылды.

Зымыранға жылжымалы қызмет көрсету фермалары жеткізілді. Ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесіне сәйкес жұмысқа кірісіп кетті.

AMOS-3 жер серігі "Зенит-3SLB" зымыран тасығышымен ұшырылады. Зымырыан тасығыштың алдағы ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан ұшыру межеленген.

Алдағы ұшырылым Израиль мемлекеті құрылуының 60 жылдығына арналған. Осы оқиғаға орай "Зенит" зымыран тасығышының обтекателіне Израильдің 60 жылдығының логотипі орнатылды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны