15.04.2008, 17:48 2872

Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы жалпы құрастырылуда

Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы жалпы құрастырылуда

Байқоңыр. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы жалпы құрастырылуда, - деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін № 42 алаңның монтаж-сынақ корпусында Ресей мен Украинаның ғарыштық кәсіпорындарының мамандары AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын жалпы құрастыруда.

Жұмыстар барысында зымыранға бас обтекательде орналасқан "ДМ-SLБ" үдеткіш блогы мен AMOS-3 жер серігінен құралған ғарыштық бас бөлік түйістіріледі

"Механикалық жинақтаудан кейін электр қосылыстар түйістіріліп, олар тексеріледі", - деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.

AMOS-3 жер серігі "Зенит-3SLB" зымыран тасығышымен ұшырылады. Зымырыан тасығыштың алдағы ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан ұшыру межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны