31.03.2008, 14:00 3208

Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Байқоңыр. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда AMOS-3 жер серігін алып ұшатын "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде ұшыру межеленген.

№31 алаңның жанармай құю станциясында ДМ-SLВ үдеткіш блогына отын компоненттері мен сұйытылған газ құю жұмыстары жүргізілді.

Бұдан кейін ДМ-SLВ үдеткіш блогы №31 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданды, бүгін "Вымпел" тәжірибелік-конструкторлық бюросы, "Энергия" зымыран-ғарыштық кешені мен "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары AMOS-3 жер серігін ДМ-SLВ үдеткіш блогымен түйістіру жұмыстарының дайындығына кірісті.

Сондай-ақ, ғарыш айлағының мамандары №31 алаңның жанармай құю станциясын AMOS-3 жер серігіне отын компоненттерін құю жұмыстарына дайындауда.

Сонымен бірге, дайындық кестесі бойынша AMOS-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындықтарының соңғы кезеңі № 42 алаңның монтаж-сынақ корпусында жалғасуда.

AMOS-3 жер серігі "Зенит-3SLB" зымыран тасығышымен ұшырылады. Зымырыан тасығыштың алдағы ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны