03.03.2008, 17:40 2807

Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда

Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда

Байқоңыр. 3- наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "АМС-14" ғарыш аппаратын алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындық жалғасуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып. Ғарыш айлағында "АМС-14" ғарыш аппараты "Бриз-М" үдеткіш блогымен түйістірілуге дайындалып жатыр.

Кеше №31 алаңның жанармай құю станциясында үдеткіш блоктың жоғарғы қысымдағы бактарын жанармай және сығымдалған газ компоненттерімен толтыру аяқталған. Жанармай құйылғаннан кейін "Бриз-М" үдеткіш блогы әрі қарайғы операциялар жасау үшін №92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізілді.

Алдағы күндері Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының, Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінің, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары "АМС-14" ғарыш аппаратын "Бриз-М" үдеткіш блогымен түйістіруге кіріседі. Бұл екеуі бірігіп "Протон-М" зымыран тасығышының ғарыштық негізгі бөлігін құрамақ. Жұмыс кестесіне сай ауыспалы жүйесі бар ғарыш аппаратын, кейін "ғарыш аппараты+ауыспалы жүйе" қосындысын үдеткіш блокпен түйістіру іске асырылатын болады.

Ғарыштық негізгі бөлікті "Протон-М" зымыран тасығышымен құрастыру ұшырылым алдындағы дайындықтың қорытынды кезеңі болмақ.

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен "АМС-14" ғарыш аппаратын ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына жоспарланған.

"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасаған. Жер серігі 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық жер серігі 15 жыл пайдалануға есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны