25.07.2008, 16:44 2689

Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының дайындығы одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының мамандары ғарыш айлағына 15 шілдеде жеткізілген "Днепр" зымыран тасығышының дайындығын жүргізуде.

Осы аптада зымыран тиелген транспорттық контейнер №109 алаңға тасымалданды, бұдан кейін ғарыш саласы мен Ресейдің Ғарыштық әскерлерінің мамандары зымыранды шахтаға орналастырды.

"Днепр" зымыран тасығышы (РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының конверсиялық өзгертілген түрі) RapidEye жүйесінің қашықтан зонд жүргізу және мониторинг мақсатындағы бес жер серігін мақсатты орбитаға шығаруға арналған.

RapidEye ғарыштық аппараттары ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында ұшырылым алыдндағы дайындықтан өтті, қазір олар сақтау режимінде зымыран тасығыштың бас бөлігімен түйістіруді күтуде.

Бес жер серігін алып ұшатын "Днепр" зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы тамыздың аяғында жүзеге асырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны