05.08.2008, 18:35 2768

Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының кластерлік ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының кластерлік ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бес бірдей RapidEye жер серігін ұшыруға арналған "Днепр" зымыран тасығышының кластерлік ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының мамандары №109 алаңға тасымалданып, ғарыш саласы мен Ресейдің Ғарыштық әскерлерінің мамандары зымыранды шахтаға орналастырған "Днепр" зымыран тасығышының дайындығын одан әрі жүргізуде.

Қазір зымыранды бас бөлікпен құрастыруға дайындауда.

"Днепр" зымыран тасығышы (РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранының конверсиялық өзгертілген түрі) RapidEye жүйесінің қашықтан зонд жүргізу және мониторинг мақсатындағы бес жер серігін мақсатты орбитаға шығаруға арналған.

RapidEye ғарыштық аппараттары ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында ұшырылым алыдндағы дайындықтан өтті, қазір олар сақтау режимінде зымыран тасығыштың бас бөлігімен түйістіруді күтуде.

Бес жер серігін алып ұшатын "Днепр" зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы тамыздың аяғында жүзеге асырылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны