28.01.2009, 17:39 2860

Байқоңырда "Бриз-М" үдету блогы "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерімен түйістірілді

Байқоңырда "Бриз-М" үдету блогы "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерімен түйістірілді

Байқоңыр. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Бриз-М" үдету блогы "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерімен түйістірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бриз-М" үдету блогы ғарыштық мақсатты "Протон-М/Бриз-М" зымыранының құрамында "Экспресс-МД1" және "Экспресс-АМ44" жер серіктерін орбитаға шығару үшін пайдаланылады.

"Экспресс-АМ44" және "Экспресс-МД1" жер серіктері "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2009 жылдың 11 ақпанында ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны