13.03.2009, 16:23 2940

Байқоңырда бүгін халықаралық "Союз ТМА-14" экипажы пилотты ұшырылымға қатысушы елдердің туын көтерді

Байқоңырда бүгін халықаралық "Союз ТМА-14" экипажы пилотты ұшырылымға қатысушы елдердің туын көтерді

Байқоңыр. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін халықаралық "Союз ТМА-14" экипажы пилотты ұшырылымға қатысушы елдердің туын көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Союз ТМА-14" кораблінің негізгі экипажының мүшелері Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Баррет (АҚШ), Чарльз Симони (АҚШ), сондай-ақ, қосалқы экипаж мүшелері Максим Сураев (Ресей), Джеффри Уильямс (АҚШ), Эстер Дайсон (АҚШ) Ресей, АҚШ және Қазақстан Республикасының туларын көтерді.

Ту көтеру рәсімі ғарышкерлердің пилотты ұшырылымға дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңінің ресми түрде басталғанын білдіреді.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, рәсім ғарышкерлер экипажы тұрып жатқан "Ғарышкер" қонақүйінің жанындағы 17-ші алаңда өткізілді.

Осыдан кейінгі қысқаша митингте қалалық әкімшілік басшысы Александр Мезенцев, ҚР президентінің Байқоңыр ғарыш айлағындағы өкілі аппаратының бөлім меңгерушісі Ертай Жұмағазиев пен Роскосмос өкілдері негізгі және қосалқы экипаж мүшелеріне сәлем берді. Олар ғарышкерлерге Байқоңыр даласында табысты дайындық тіледі.

Ұшу алдындағы дайындық жоспарына сәйкес, келесі аптада "Союз ТМА-14" ғарыш кораблі қабылданады және түсірілетін аппаратта соңғы дайындықтар өткізіледі. 25 наурызда мемлекеттік комиссияның жиналысы өтеді. Онда алдағы ұшырылымның негізгі және қосалқы экипажының құрамы бекітіледі.

Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясына баратын "Союз ТМА-14" пилотты кемесі 26 наурызда ғарыш айлағының №1 алаңынан ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны