26.02.2009, 17:24 3128

Байқоңырда бүгін Telstar-11N ғарыштық аппараты мен "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышын ұшыратын күн

Байқоңырда бүгін Telstar-11N ғарыштық аппараты мен "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышын ұшыратын күн

Байқоңыр. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін Telstar-11N ғарыштық аппараты мен "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышын ұшыратын күн, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағының №45 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылған Telstar-11N ғарыштық аппараты мен "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстарының соңғы іс-шаралары жүргізілуде.

Ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ұшырылым күнгі кесте бойынша жұмыс істеуде.

Telstar-11N ғарыштық аппаратын "Лорал Скайнет" фирмасы жасаған, оның Ku-диапазондағы 39 транспондері бар. Telstar-11N жер серігі Орталық және Солтүстік Америкада, Еуропа, Африка мен Атлант мұхитында тұтынушыларға байланыс қызметін көрсетуге арналған.

АҚШ-тың Telstar-11N жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-2SБ60" зымыран тасығышы 2009 жылдың 27 ақпанында Астана уақытымен 00 сағат 30 минутта ұшырылады деп жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны