02.07.2007, 16:33 2745

Байқоңырда "DirecTV-10" ғарыштық аппаратының ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда

БАЙҚОҢЫР. 2-шілде. Kazakhstan Today. Байқоңырда "DirecTV-10" ғарыштық аппаратының ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында "Бриз-М" үдеткіш блогының жанармай құтыларын отынмен толтыру жұмыстары аяқталады. "Бүгін кешке №95 алаңда мемлекеттік комиссияның отырысы өтеді. Онда зымыран мен ғарыштық аппараттың ұшырылымға дайындығына және "Протон-М" зымыран-тасығышы мен "DirecTV-10" ғарыштық аппараты №200 алаңның ұшырылым кешешіне шығаруға қатысты шешім шығарылады".

"DirecTV-10" ғарыштоық аппараты АҚШ аумағындағы ірі спутниктік телевидение операторы - "DirecTV" компаниясына тиесілі. Салмағы 3 тоннадан асатын "DirecTV-10" спутнигі жер маңы орбитасындағы 9 аппараттан тұратын жер серіктерінің тобын толықтырады. Ол 15 жылға есептелген және HDTV (High Definition Television) форматындағы айқындығы жоғары сандық телевидение хабарларын таратуға арналған. Ол АҚШ, Аляска және Гавай аралдары аумағында кабельдік және жалпыұлттық желілер арқылы хабар тарататын болады.

Осы тектес "DirecTV-8" жер серігін "Протон-М" зымыран-тасығышы Байқоңырдан 2005-жылдың 22 мамырында "Бриз-М" үдеткіш блогының көмегімен жер орбитасына шығарылды.

"Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогы мен АҚШ-тың телекоммуникациялық "DirecTV-10" аппаратын алып 2007-жылдың 7-шілдесінде Астана уақытымен 7 сағат 16 минутта ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны