27.03.2008, 14:35 2537

Байқоңырда экипаж ғарышкерлері "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізуде

Байқоңырда экипаж ғарышкерлері "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізуде

Байқоңыр. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін"- Байқоңырда экипаж ғарышкерлері "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Байқоңыр" айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін таңертең негізгі экипаж мүшелері Сергей Волков (Ресей Федерациясы), Олег Кононенко (Ресей Федерациясы), Йи Сойон (Корея Республикасы) және дублерлер - Михаил Сураев (Ресей Федерациясы), Олег Скрипочка (Ресей Федерациясы) және ғарыштық ұшырылымның қатысушысы Сан Ко (Корей Республикасы) "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінде жоспарланған жаттығуларды жасау үшін 254 алаңның монтаждық сынақ корпусына барды.

Жаттығу барысында негізгі және қосалқы экипаж мүшелерінің анатомиялық денесі гипске түсіріліп, оларға арналған ұшу-қону орындықтары жасалады. Сондай-ақ, олар байланыс жүйелерінің жұмысы мен ғарыш кемесіндегі құралдардың орналасуын тексереді.

Жаттығулар аяқталғаннан кейін экипаж "Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің ұшырылымы "Союз-ФГ" зымыран тасығышы көмегімен болатын ұшырылым дайындықтарымен танысып, дәстүр бойынша ұшыру кешенінің №1 Гагарин алаңына барып, сосын №2 алаңындағы ғарыш айлағының мұражайына экскурсия жасап, жаттығуларды жалғастыру үшін "Косманавт" мейманханасына қайтады.

Ертең 28 наурызда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын "Союз ТМА-12" экипажы ұшырылымының қорытынды дайындық кезеңінің ресми мәресі басталып, ұшырылымға қатысушы мемлекеттер туларының ресми көтерілуі белгіленген.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ғарыш айлағының №1 алаңынан ұшыру 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны