22.01.2009, 17:41 2984

Байқоңырда "Экспресс-АМ44" жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңырда "Экспресс-АМ44" жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Экспресс-АМ44" жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Экспресс-АМ44" және "Экспресс-МД1" жер серіктері "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2009 жылдың 11 ақпанында ұшырылады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында "ИСС" ААҚ мен "Вымпел" КББ қызметкерлері ғарыштық аппаратқа шар-баллондар мен отыны бар бактарды орнатты.

"Қазір ғарыштық аппаратқа күн батареяларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар кесте бойынша атқарылып жатыр",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Экспресс-АМ44" ғарыштық аппаратын "М.Решетнев атындағы ақпараттық-спутниктік жүйелер" ААҚ Thales Alenia Space француз бөлімшесі жасап шығарған. "Экспресс-АМ44" жер серігінің Ku-диапазондағы 6 транспондері, C-диапазондағы 10 және L-диапазондағы 1 транспондері бар. Жер серігінің салмағы 2,5 тоннадан асады және ғарышта 12 жыл жұмыс істеуге арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны