27.03.2008, 17:51 10741

Байқоңырда Еуропаның Galileo навигациялық жүйесінің GLOVE-В жер серігін ұшырауға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Еуропаның Galileo навигациялық жүйесінің GLOVE-В жер серігін ұшырауға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Еуропаның Galileo навигациялық жүйесінің GLOVE-В жер серігін ұшырауға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі орталықтағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Еуропаның GLOVE-В жер серігі сәуірдің аяғында ұшырылады деп межеленген.

Шетелдік мамандар №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында орналасқан StarSem компаниясының камерасында GLOVE-В ( техникалық жіктеу бойынша GSTB-V2/B) жер серігін ұшыруға дайындау үстінде. Ғарыш аппаратында жүйелерді тексеру және тест жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, Еуропаның GLOVE-В жер серігін ұшыратын "Союз-ФГ" зымыран атсығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогының дайындық жұмыстары да жүргізілуде.

Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Galileo навигациялық жүйесінің бірінші жер серігі - GIOVE-A (Galileo In-Orbit Validation Element) Байқоңырдан 2008 жылдың 28 желтоқсанында "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған. GIOVE-A ғарыштық аппараты биіктігі 23 000 шақырымнан астам есепті орбитаға шығарылды.

Galileo - Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі - Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.

Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.

GLOVE-В екінші жер серігін 2006 жылы ұшыру жоспарланған болатын, алайда ғарыштық аппарат дайын болмауға байланысты ұшырылым 2008 жылға шегерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны