15.04.2008, 18:01 3247

Байқоңырда Еуропаның GLOVE-В жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогы түйістірілді

Байқоңырда Еуропаның GLOVE-В жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогы түйістірілді

Байқоңыр. 15-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Еуропаның GLOVE-В жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогы түйістірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос агенттігіне сілтеме жасап.

GLOVE-В ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде ұшыру жоспарланған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 14 сәуірде №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында шетелдік және ресейлік мамандар GLOVE-В ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға алып шығатын "Фрегат" үдеткіш блогымен құрастырды.

Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Galileo - Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі - Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.

Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны