03.03.2009, 10:09 1221

Байқоңырда Еуропаның W2A жер серігін ұшыруға дайындықтар басталды

Байқоңырда Еуропаның W2A жер серігін ұшыруға дайындықтар басталды

Байқоңыр. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Еуропаның W2A жер серігін ұшыруға дайындықтар басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шетелдік мамандар 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусының залында ғарыш айлағына 28 ақпанда жеткізілген W2A ғарыштық аппаратының жоспарлы электр тексерулерінің бірінші сериясын бастады.

W2A ғарыштық аппаратын Франция мен Италия біріккен Thales Alenia Space компаниясының француз бөлімі ғаламдық спутниктік байланыс операторы Eutelsat (Париж, Франция) тапсырысы бойынша жасап шығарған. "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогының көмегімен ұшыру жөніндегі келісім-шартына International Launch Services (ILS) компаниясы қол қойған.

Alcatel Alenia Space Spacebus 4000C4 тұғырнамасында жасалған W2A жер серігі Ku-диапазондағы 46 ретранслятормен және C-диапазондағы 10 ретранслятормен жабдықталған. W2A жер серігінің бастапқы салмағы - 5,7 тоннаға тең. Жер серігі 15 жыл жұмыс істеуге тиіс.

Жер серігіне S-диапазонда 2.2 GHz жиілікте жұмыс істейтін заманауи борт жабдықтары орнатылған, ол Франция, Германия, Италия, Польша, Испания және Ұлыбритания аумағында мобильді және мультимедиялық кең көлемді хабар және ақпарат тарату қызметін (мобильді телевидение, сандық радио т.б) көрсетуге мүмкіндік береді.

Eutelsat W2A Еуропалық телекоммуникациялық жер серігін 28 наурызда "Протон-М" зымыран тасығышы алып ұшады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны