03.04.2008, 18:56 3140

Байқоңырда ғарышкерлер "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін қабылдап, пилотты корабльде соңғы жаттығуларды жүргізді

Байқоңырда ғарышкерлер "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін қабылдап, пилотты корабльде соңғы жаттығуларды жүргізді

Байқоңыр. 3-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда ғарышкерлер "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін қабылдап, пилотты корабльде соңғы жаттығуларды жүргізді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков мен Олег Кононенко, ғарыштық ұшырылымға қатысушы Корея Республикасының азаматшасы Сойон Йи кіретін негізгі экипаж, сондай-ақ, қосалқы ғарышкерлер Михаил Сураев, Олег Скрипочка ( Ресей Федерациясы) мен ұшырылымға қатысушы Корея Республикасының азаматы Сан Ко №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінде қорытынды жаттығулар өткізді.

Жаттығулар барысында ғарышкерлер ұшу-қону креслоларының ложементтерін киіп көріп, жүктердің орналастырылуын, байланыс құралдарының жұмысын тексеріп, содан кейін "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін тексеріп көрді.

Ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, бұдан кейін ғарыш кемесі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен жалпы түйістіруге жіберіледі.

Корабльді қабылдағанан кейін ғарышкерлер №2 алаңдағы ғарыш айлағының тарихына арналған мұражайда болып, құрметті қонақтар кітабында қол таңбаларын қалдырды. Ұшырылымға дейінгі қалған уақытта ғарышкерлер ұшырылымның соңғы кезеңінің жоспарына сәйкес дайындалады.

Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын негізгі экипаж 7-сәуірде мемлекеттік комиссияның отырысында аталады.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны