11.10.2007, 17:56 2997

Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ғарышқа шығару үшін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының қазанға межеленген екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ғарышқа шығару үшін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының қазанға межеленген екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Байқоңыр. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда GlobalStar жер серіктерін ғарышқа шығару үшін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының қазанға межеленген екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында шетелдік мамандар төрт дана GlobalStar жер серігін ұшыруға дайындалуда. Дайындық жұмыстары аяқталған соң жер серіктері "Фрегат" үдеткіш блогымен түйістіру үшін арнаулы камераға жеткізіледі.

Сонымен біруақытта №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз-ФГ" зымыран тасығышының сатылары құрастырылуда.

Келесі аптада "Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен Globalstar жер серіктері орнатылған оның бас бөлігін жаппай құрастыру жұмыстары жүзеге асырылады.

GlobalStar спутниктік байланыс жүйесін кең ауқымды тұтынушылар қауымына дыбысты байланыс, қысқаша хабарламалар қызметі, роуминг, факс байланысы және мәліметтер беру секілді жоғары сапалы спутниктік қызметтер көрсету үшін халықаралық телекоммуникациялық компаниялар консорциумы жасап шығарған.

GlobalStar спутниктік тобы Жер бетінен 1414 шақырым биіктіктегі, төменгі орбитада орналасқан 48 жұмысшы және 4 қосалқы жер серіктерінен тұрады.

2006 жылдың мамыр айында Байқоңырдан "Союз-ФГ" зымыран тасығышы GlobalStar ғарыштық аппаратын алып ұшты. Ол кезде жер серіктерінің тобы төрт жер серігімен толықты.

Осы жолғы төрт жер серігін ұшыру нәтижесінде орбиталық жер серіктерінің резервтік тобы құрылуға тиіс. Өйткені, GlobalStar жүйесін іске қосу аясында 1998-2000 жылдар аралығында ұшырылған 52 жер серігінің оны қазір техникалық тұрғыдан жарамсыз болып қалған.

"Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогы төрт дана GlobalStar ғарыштық аппараттарын алып ағымдағы жылдың 21-ші қазанында 31-ші алаңнан ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны