Система Orphus

Байқоңырда ГЛОНАСС навигациялық жүйесінің жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

14.09.2007, 17:21 1408

Байқоңыр. 14 қыркүйек. "Қазақстан бүгін" - Байқоңырда ГЛОНАСС навигациялық жүйесінің жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыштық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, "Глонасс-М" ғарыштық аппараты "Юбилейный" әуежайына 13 қыркүйекте жеткізілді. Ғарыш айлағының мамандары ғарыштық аппарат пен қосалқы жабдықтар тиелген контейнерлерден жүкті түсіріп, бұдан кейін жер серігі 92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусына ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін жеткізілді.

Ұшырылым кестесіне сәйкес, "Протон-К" зымыран тасығышын ұшыру мерзімі "ДМ" үдеткіш блогымен және үш бірдей "Глонасс" ғарыштық аппараттарының блогымен бірге 2007 жылдың 25 қазанына межеленген.

Алайда, 6 қыркүйекте болған "Протон-М" зымыран тасығышының апаты мен бұдан кейін осы тектес зымыран-тасығыштардың ұшырылымына салынған тыйым "Глонасс" жер серіктерін ұшыру мерзімін белгісіз мерзімге кейінге шегерді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, дейтұрғанмен, "Глонасс" аппараттарының дайындық жұмыстары ұшырылым алдындағы дайындықтардың кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. "Глонасс" маркалы үш ғарыштық аппаратты қазан айында, тағы үшеуін 2008 жылы ұшыру нәтижесінде қазіргі 18 жер серігінен тұратын аппараттар топтамасының саны 24-ке жетеді.

"Глонасс-М" ғарыштық аппаратын академик М.Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінде жасалған және жер орбитасына шығарылатын Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық тобындағы аппараттар кластеріне жаратын үш жер серігінің бірі және ол АҚШ-тың ғаламдық GPS жүйесінің баламасы болып табылады.

ГЛОНАСС жүйесі 1993 жылы пайдаланыла бастаған. Техникалық жобаға сәйкес, Жердің бетінен 2000 шақырым биіктіктегі үш орбиталық кеңістікте орналасқан жер серіктері аппарат координаттарының дәлдігін қамтамасыз етеді.

ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей мен оның әріптестері үшін стратегиялық маңызды. Қазақстан мен Ресей президенттері - Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - ғарыштық бағдарламалар аясындағы ықпалдастық аясында ГЛОНАСС жобасына бірлесе атсалысу жөніндегі келісімге қол қойған.

"Протон-К" зымыран тасығыштың көмегімен "Глонасс" жер серігін ұшыру мерзімі "Протон-М" зымыран-тасығышының апатқа ұшырау себептері жөніндегі комиссияның жұмысы аяқталғаннан кейін анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны