12.09.2008, 16:55 2779

Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

"№92А50 алаңның монтаж-сынақ корпусында 25 қыркүйекте "Протон-М" зымыран тасығышы, ДМ үдеткіш блогымен бірге ғарышқа аттанатын үш бірдей "Глонасс-М" аппаратының дайындықтары жүргізілуде".

"Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіннің ақпаратына сәйкес, "жер серіктері ұшырылымға тлық дайын болды, олар өтпелі жүйеге түйістірілді. ДМ үдеткіш блогына отын құйылған соң үш жер серігінен құралған блок үдеткіш блокпен түйістіріледі, сосын зымыранның жалпы құрастыру жұмыстары басталады".

Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.

Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Жылдың аяғына дейін алты "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны