25.04.2008, 15:43 2945

Байқоңырда GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындықтың үшінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңырда GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындықтың үшінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Байқоңыр. 25-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда GLOVE-В ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымына дайындықтың үшінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі Федералды ғарыш агенттігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Бүгін ғарыш айлағының мамандары №31 алаңның ұшырылым қондырғысына 23 сәуірде орнатылған "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындықтарын аяқтауда.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, " бүгін ұшырылымға дайындықтың үшінші күні аясында "Роскосмостың" есептерін шетелдік мамандары жүргізіп,зымырын тасығышының ғарыштың бас бөлігінен термоқапты шешіліп, жүйесі тексерілуде".

Ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары аяқталғаннан соң, зымырын тасығышын отын компонеттерімен толтыру жұмыстарын дайындау қолға алынады. "Роскосмостың" баспасөз қызметі хабарлағанындай, ертең кешке Халықарылық мемлекеттік комиссияның отырысы өткізіліп, онда "Союз-ФГ" зымырын тасығышын отынмен толтыру жөнінде шешім қабылданады.

GLOVE-В ғарыштық аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде Астана уақытымен 4 сағат 16 минутта ұшыру жоспарланған.

GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo жаһандық жүйесін дамытуға арналған. Салмағы 700 килограмдық жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны