04.09.2006, 10:00 2852

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажы дайындықтың ақырғы кезеңін бастады

БАЙҚОҢЫР. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажы дайындықтың ақырғы кезеңін бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Экипаждарды дайындау жоспарына өзгерістер енгізіліп, Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының басшылығы ғарышкерлерлі дайындаудың ақырғы кезеңін ғарыш айлағынды өткізуге шешім қабылдады",- деп хабарлайды "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі.

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, өткен сенбіде 14-ші экспедицияның экипажының мүшелері Байқоңырға келді. Негізгі экипаж құрамына Ресей ғарышкері Михаил Тюрин, АҚШ астронавты Майкл Лопес-Алегриа, тұңғыш әйел-турист, Иран текті АҚШ азаматшасы Анюша Ансари енген. Қосалқы құрамда ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко мен АҚШ азаматшасы Пегги Уитсон бар.

Ғарышкерлер жексенбіде "Космонавт" қонақ үйінде ғарыш кемесінің үлгісінде жаттығулар өткізіп, борт құжаттарымен танысты. Ал бүгін 4-қыркүйекте экипаждар "Союз ТМА-9" ғарыш кемесінде жаттығулар жүргізу үшін 254-алаңның монтаж-сынақ корпусына барды. Ғарышкерлер ложементтерді киіп тексеріп көріп, байланыс жүйелері мен жабдықтардың жұмысын тексереді.

Негізгі экипаж, яғни, ғарышкерлер Михаил Тюрин мен астронавт Майкл Лопес-Алегриа жер орбитасында 187 тәулік болады. Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Томас Райтер де олармен бірге жұмыс істейді. Ол АҚШ шаттлының экипажымен бірге желтоқсанда Халықаралық ғарыш станциясынан қайтады. Ғарышкер-турист Анюша Ансари станцияда 10 тәулік болады. Ұшу бағдарламасын атқарып шыққаннан кейін ол негізгі 13-экипаждың мүшелері - ресейлік ғарышкер Павел Виноградов және АҚШ астронавты Джеффри Уильмспен бірге жерге оралады.

"Союз ТМА-9" ғарыш кемесін алып ұшатын "Союз ФГ" зымыран тасығышы 18-қыркүйекте ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны