14.09.2006, 15:49 2586

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның экипажы тәжірибелік жаттығулардан өтуде

БАЙҚОҢЫР. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін экипаждар тұратын және ұшар алдындағы дайындықтан өтіп жатқан "Ғарышкер" қонақ үйінде ғарышкерлердің тәжірибелік жаттығулары басталды, оған баспасөз өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Дайындық жоспарына сәйкес, негізгі экипаж құрамындағы Ресей ғарышкері Михаил Тюрин, АҚШ астронавты Майкл Лопес-Алегриа, тұңғыш әйел-турист, Иран текті АҚШ азаматшасы Анюша Ансари мен қосалқы құрамдағы ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко мен АҚШ азаматшасы Пегги Уитсон екі күн бойы бірқатар теориялық және тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.

Таңертеңгі астан кейін ғарышкерлер "Союз ТМА-9" пилотты ғарыш кемесінің борт құжаттарына қатытсы сабақ өткізді. Бұдан кейін олармен құтқару-іздестіру қызметінің мамандары жұмыс істеді. Сабақта ғарышкерлерге экипаждың түсіру апаратымен ұшу және қону барысында жүзеге асырылатын құтқару-іздестіру операцияларының кезеңдері туралы әңгімелеп берді.

Ұшу алдындағы дайындық жоспарына сәйкес, 15-қыркүйекте зымыран тасығыш пен ғарыш кемесі құрастырылып, 16-қыркүйекте "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыш кемесімен бірге №1 алаңға шығарылады. 17-қыркүйекте мемлекеттік комиссияның жиналысы өтеді. Онда алдағы ұшырылымның негізгі және қосалқы экипажының құрамы бекітіледі.

Ғарышкерлрді Халықаралық ғарыш станциясына жеткізетін "Союз ТМА-9" пилотты ғарыш кемесі Байқоңырдан 18-қыркүйекте Астана уақытымен 10 сағат 09 минутта ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны