14.03.2007, 19:11 3140

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына баратын пилотты "Союз ТМА-10" ғарыш кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

БАЙҚОҢЫР. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік экипаж бен АҚШ турисін жеткізетін пилотты "Союз ТМА-10" ғарыш кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Союз ТМА-10" ғарыш кораблі мен "Союз-ФГ" зымыран тасығышы 2007-жылдың 7-сәуірінде ұшырылады. Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15-ші негізгі экспедицияның құрамында ресейлік ғарышкерлер Фёдор Юрчихин мен Олег Котов, сондай-ақ, АҚШ-тың ғарыштық турисі Чарльз Шимони бар.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "жеткізетін пилотты "Союз ТМА-10" ғарыш кораблі жүйелерін дербес және кешенді сынақтан өткізу жұмыстары табысты аяқталды, бұдан кейін ғарыш кемесі арнайы жаңғырықсыз камерада вакуумдық сынақтардан өткізілді". Наурыздың 13-інен 14-іне қараған түні "Союз ТМА-10" ғарыш кораблі вакуумды камераға орнатылды. Ал бүгін "Энергия" зымыран-ғарыштық кешені мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары ғарыш кемесіне пневмовакуумдық сынақтар жүргізіп, герметикасын тексереді. Сынақтар аяқталған соң кемені ғарышкерлерлің жаттығулары мен қозғалтқыштарға жанармай құюға дайындайды.

Негізгі және қосалқы экипаж ұшырылым алдындағы дайындықтардың ақырғы кезеңін өткізу үшін 27-наурызда ғарыш айлағына ұшып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны