01.04.2008, 18:10 3068

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды

Байқоңыр. 1-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерді ұшыруға арналған "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеру басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін "Энергия" зымыран-ғарыштық кешенінің мамандары "Союз ТМА-12" ғарыш кемесін авторлық тексеруден өткізуде.

Тексеруден кейін мамандар корабльге бас обтекательді жеткізеді.

Ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, 3-сәуірде ғарышкерлер экипаждары "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің түсірілетін аппаратында екінші жаттығуларды жүргізеді, бұдан кейін ғарыш кемесі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына "Союз-ФГ" зымыран тасығышымен жалпы түйістіруге жіберіледі.

Ғарыштық пилотты кораблі мен зымыран тасығыш түйістірілген соң 6 сәуірде "Союз-ФГ" зымыран тьасығышы №1 алаңның ұшырылым кешеніне ұшырылым алдындағы дайындықтар үшін жеткізіледі.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген. Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17 экспедицияның негізгі экипажын жеткізеді. Экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков пен Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны