14.08.2008, 18:24 2501

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына қыркүйекте ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары өткізілуде

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына қыркүйекте ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары өткізілуде

Байқоңыр. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына қыркүйекте ұшырылатын "Прогресс М-65" жүк кораблінің сынақтары өткізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпаарт көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары вакуум-камераға орнатылған "Прогресс М-65" жүк кораблінің герметикалық қасиетін тексеруде.

Бұдан кейін оған отын құюға дайындық жұмыстары басталады.

"Прогресс М-65" жүк кораблін "Союз-У" зымыранымен бірге ұшыру 2008 жылдың 10 қыркүйегіне межеленген.

"Прогресс М-65" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 4,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдық жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны