16.01.2009, 17:13 3046

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын ғарыштық аппараттардың дайындығы басталды

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын ғарыштық аппараттардың дайындығы басталды

Байқоңыр. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын ғарыштық аппараттардың дайындығы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Прогресс М-66" жүк тасымалдаушы кораблі "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен 10 ақпанда ұшырылады.

Корабль Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және ғылыми жабдық жеткізеді.

"Союз ТМА-14" пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына баратын экипажды алып 25 наурызда ұшады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны