22.04.2008, 17:03 2954

Байқоңырда Израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылым дайындығы екінші күн кестесі бойынша жүргізілуде

Байқоңырда Израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылым дайындығы екінші күн кестесі бойынша жүргізілуде

Байқоңыр. 11-сәуір. "Қазақстан Бүгін" -Байқоңырда Израильдің Amos-3 жер серігін ұшыруға арналған "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылым дайындығы екінші күн кестесі бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Ресей мен Украинаның ғарыш кәсіпорындарының мамандары 21 сәуірде таңертең № 45 алаңның ұшырылым кешеніне қойылған "Зенит-3SLB"ЗТ ұшырылымының дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін кесте бойынша операцияның екінші күні өткізіліп отыр. Жұмыс барысында "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының жүйесі, үдеткіш блогы мен ғарыштық аппараттың "құрғақ жұмысының " режимі тексеріледі.

Байқоңырдан "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының ұшырылымы бірінші рет жасалады. Оның ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. "Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан Астана уақытымен сағат 11.00 ұшыру межеленген.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны