29.03.2007, 19:08 3109

Байқоңырда Канаданың "Anik F3" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

БАЙҚОҢЫР. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Байқоңырда Канаданың "Anik F3" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы бөлімшелерінің, зымыран-ғарыштық техниканы пайдалану зауыты мен "Салют" ғарыштық бюросының мамандары Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы "Anik F3" ғарыштық аппаратын ұшыруға дайындық жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

"Кеше 28-наурызда №92А50 алаңның монтаж-сынақ корпусында апараттың бас бөлігін құрастыру басталды. "Anik F3" ғарыштық аппараты мен ауыспалы жүйе түйістірілуде. Сонымен біруақытта "Бриз-М" үдеткіш блогын жер серігінмен түйістіруге дайындық жұмыстары басталды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Ғарыштық орталықтың ақпаратына сәйкес, "бүгін үдеткіш блок пен жер серігі құрастырылған соң оларға зымыранның бас обтекателі орнатылады. Осыдан кейін обтекатель зымыранның үшінші сатысына түйістіріледі. Түйістіру жұмыстары осыдан кейін аяқталады",- дейді орталықтағылар.

Бұдан кейін зымыран тасығыштың жүйелері тексеріліп, зымыран тасығыш ұшырылым алаңына шығарылады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Anik F3" жер серігі Солтүстік Америка аумағын спутниктік байланыс қызметінің түрлерімен, телефония, Интернетке сымсыз қосылу және телехабарларын тарату қызметімен қамтамасыз етуге арналған. Жер серігі 15 жыл қызмет етуге тиіс. "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы "Anik F3" ғарыштық аппаратын алып 2007-жылғы 10-сәуірде ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны