15.08.2008, 15:55 2802

Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын жұмыс орнына қоюда.

Ғарыш айлағының мамандары зымыранның электр сынақтарын жүргізу үшін схеманы құрастыруда.

Алдағы ұшырылым International Launch Services (ILS) пен Канаданың спутниктік байланыс операторы Telesat Canada арасындағы шарт бойынша жүзеге асырылады.

Байқоңыр ғарыш айлағынан Telesat Canada тапсырысымен осымен бірнеше канадалық жер серігі ұшырылды: 1999 жылдың 21 мамырында "Протон-К" зымыраны Nimiq 1 ғарыштық аппаратын, 2002 жылдың 30 желтоқсанында - Nimiq 2 ғарыштық аппаратын алып ұшты. Бұдан кейін конструкциясы жағынан Nimiq ғарыштық аппаратына жақын болып келетін Anik F1R аппараты - 2005 жылы және Anik F3 - 2007 жылы ұшырылды. 2009 жылы "Протон-М" зымыран тасығышы кезекті Nimiq 5 сериялы аппаратын алып ұшады.

Nimiq 4 жер серігін Еуропаның EADS Astrium компаниясы спутниктік Eurostar E3000 платформасының негізінде жасап шығарған, ол геостационар орбитада жұмыс істеуге арналған. Nimiq 4 ғарыштық аппараты Канаданың мәліметтерді жалғастыру және Солтүстік Америкада радиохабарларын тарату қызметін көрсететін ұлттық спутниктік байланыс жөніндегі Telesat Canada компаниясына тиесілі.

Nimiq 4 жер серігі тамызда ғарыш айлағына жеткізілмек. Оны алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың қыркүйек айының ортасында ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны