17.07.2008, 19:35 2696

Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде

Байқоңыр. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, №92 монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары Канаданың Nimiq 4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының дербес дайындықтарын жүргізуде.

Сондай-ақ, ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары Nimiq 4 жер серігімен бірге ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы жүзеге асырылатын №200 алаңның ұшырылым кешенін дайындауда.

Nimiq 4 жер серігі тамызда ғарыш айлағына жеткізілмек. Оны алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың қыркүйек айының ортасында ұшырылады деп межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны