09.12.2008, 16:00 1589

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындықтары үшінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындықтары үшінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде

Байқоңыр. 9 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындықтары үшінші ұшырылым күнгі кесте бойынша жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше ұшырылым кестесінің екінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталды.

Кеше ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, "Протон-М" зымыран тасығышының ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалды.

Бүгін М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі констукторлық бюросы, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары үшінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындыққа кірісті.

Ұшырылым кешенінде зымыран тасығышқа жанармай құюға дайындық жұмыстары мен жанармай құюдың имитациясы жасалуда. Ғарыш айлағының мамандары жер үсті ыдыстарынан жанармай құятын құбырларды зымыранның құбырларымен түйістіріп, олардың бүтіндігін тексеруде. Жанармай ертең, 10 желтоқсанда құйылады.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады.

Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны