04.12.2008, 16:17 2826

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдету блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдету блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңыр. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін орбитаға шығаратын "Бриз-М" үдету блогына жанармай құйыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі М.Хруничев атындағы ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жанармай құйылған соң 7 желтоқсанда Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы ұшырыоым кешеніне шығарылады.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады.

Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны