16.09.2009, 18:31 2948

Байқоңырда Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені жөніндегі кіші комиссиясының XII отырысы өтеді

Байқоңырда Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені жөніндегі кіші комиссиясының XII отырысы өтеді

Алматы. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Байқоңырда 23-24 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның "Байқоңыр" кешені жөніндегі кіші комиссиясының XII отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасының "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарламасына сілтеме жасап.

"Байқоңыр" кешені жөніндегі кіші комиссиясының XII отырысы - осы комиссияның екінші отырысы болмақ, оны тараптардың тең төрағалары - Қазақстан мен Ресейдің ғарыштық мекемелерінің жетекшілері Талғат Мұсабаев пен Анатолий Перминов жүргізеді.

Жуырда Астанада Қазақстан Республикасының "Қазғарыш" Ұлттық ғарыш агенттігінде "Қазғарыш" басшысы Т. Мұсабаевтың төрағалығымен кіші комиссияның Қазақстандық бөлігінің отырысы өткізілген. Онда Т. Мұсабаев кіші комиссияның мүшелері болып табылатын Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдерінің "Байқоңыр" кешеніндегі проблемалы мәселелер бойынша мейлінше тиімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.

"Қазғарыш" басшысы сонымен қатар "Байқоңыр" ғарыш кешенінің қызметін үйлестіруші басты орган ретінде кіші комиссияның мәртебесі оның басшылығына Қазақстан мен Ресейдің мүддесіне сай "Байқоңыр" ғарыш кешенінің сақталуы, дамуы мен тиімді жұмыс істеуіне жауапты барлық тұлғаларға қатаң талап қоюға міндеттейтінін атап көрсетті.

Кіші комиссияның ресейлік бөлігінің жиыны таяу уақыттарда өткізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды Роскосмос.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны