06.05.2006, 15:04 3047

Байқоңырда Қазақстанның телекоммуникациялық "KazSat" жер серігін ұшырауға дайындық жұмыстары жалғасуда

БАЙҚОҢЫР. 6-мамыр. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында Қазақстанның телекоммуникациялық "KazSat" жер серігін ұшырауға дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, монтаж-сынақ кешенінің 92А50 алаңында ғарыштық аппараттың монтаж-жинақ жұыстары жүргізілуде. Технологиялық құрастыру жұмыстарынан кейін жер серігін жасап шығарған ресейлік зауыттың мамандары аппараттың жүйелерін тексеріп, электр сынақтарын жүзеге асырады. Қазір ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары кестеге сәйкес іске асырылуда.

"KazSat" жер серігін ұшыру мерзімі 8-маусымға межеленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны