05.02.2007, 11:52 3005

Байқоңырда кезекті ғарыштық ұшырылымдарға дайындық басталды

БАЙҚОҢЫР. 5-ақпан. Kazakhstan Today. Байқоңырда кезекті ғарыштық ұшырылымдарға дайындық басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, 11-ші алаңның монтаж-сынақ корпусында екі "Союз-ФГ" зымыранын құрастыру және ұшыруға дайындау жұмыстары жүргізілуде.

"Бір"Союз-ФГ" зымыраны "Союз ТМА-10" пилотты ғарыштық кемесін ұшыруға, ал екіншісі Францияның "Глобалстар" ғарыштық аппаратын ұшыруға арналған", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Союз ТМА-10" пилотты ғарыштық кемесін Халықаралық ғарыш станциясына баратын 15-ші экипажбен қоса алып шығатын "Союз-ФГ" зымыраны 2007-жылдың 9-сәуірінде ұшырылады. Экспедиция құрамында Фёдор Юрчихин және Олег Котов (Россия), сондай-ақ, ғарыштық турист Чарльз Шимони (США) бар.

"Глобалстар" ғарыштық аппаратын алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыранының ұшырылымы сәуірдің басына межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны