12.04.2010, 18:16 35289

Байқоңырда Космонавтика күні атап өтілуде

Байқоңырда Космонавтика күні атап өтілуде

Байқоңыр. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Байқоңырда Космонавтика күні атап өтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқоңырдағы дәстүрлі мерекелік іс-шаралар әлемдегі бірінші ғарышкер Юрий Гагарин мен ғарыштық жүйелердің бас конструкторы Сергей Королевтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен ашылады.

Бүгін кешке Байқоңырдағы "Сатурн" киноконцерт залында Космонавтика күніне арналған салтанатты жиын мен концерт өтеді, оған ғарыш айлағының ардагерлері мен Ресей және Қазақстанның ғарыш саласының өкілдері шақырылған.

Байқоңыр ғарыш айлағы "зымыраншылардың" айтуынша, қызу жұмыс істейтін, яғни, олардың тілімен айтқанда "ең ұшырғыш" айлақтың бірі ретінде қалып отыр", - деді "Южный" ғарыштық орталығының бас маманы Олег Урусов. Оның айтуынша, егер былтыр "24 ғарыштық ұшырылым сәтті жүзеге асырылса, биыл 30-дан кем емес ғарыштық ұшырылым межеленген".

Өткен жылдың күзінде "Южный" ғарыштық орталығының құрылуымен Байқоңыр ғарыш айлағындағы конверсия аяқталды. Сарапшылардың пікірінше, "Южный" ғарыштық орталығының құрылуы Байқоңырды және онда жүзеге асыралып жатқан сынақтар мен ұшырылымдарды басқаруды жақсартуға, ғарыш айлағының құрылымын оңтайландыруға және онда бірін-бірі қайталаушы тармақтарды жоюға мүмкіндік береді.

"Өткен жылғыдай биыл да пилотты бағдарлама бойынша 10 ұшырылым жоспарланған: төрт "Союз-ФГ" зымыраны "Союз ТМА" пилотты корабльдерімен және алты "Союз-У" зымыраны "Прогресс" жүк корабльдерімен ұшырылады", -деп хабарлайды "Южный" ғарыштық орталығындағылар. Бірінші тоқсанда Байқоңырдан бес ғарыштық зымыран ұшырылды, бұл - осы кезеңде дүниежүзінде іске асырылған ұшырылымдардың тең жартысына тең. Екінші тоқсанда тағы да сегіз ғарыштық ұшырылым жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны