26.06.2008, 13:12 1243

Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышының үшінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындық жүргізілуде

Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышының үшінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындық жүргізілуде

Байқоңыр. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышының үшінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындық жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағының мамандары 24 маусымда "Байқоңыр" ғарыш айлағының №200 алаңының ұшырылым үстеліне орнатылған зымыран тасығышты ұшырылымға дайындаудың ақырғы операцияларын жүргізуде.

Кеше екінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, зымыран тасығыштың ұшырылымға дайындық жұмыстарын дәйектеу аясында оған жанармай құюдың имитациясы жасалды.

Бүгін М. Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі констукторлық бюросы, "Байқоңыр" федералдық ғарыш орталығының мамандары үшінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша дайындыққа кірісті.

Ұшырылым кешенінде зымыран тасығышқа жанармай құюға дайындық жұмыстары мен жанармай құюдың имитациясы жасалуда. Ғарыш айлағының мамандары жер үсті ыдыстарынан жанармай құюытын құбырларды зымыранның құбырларымен түйістіріп, олардың бүтіндігін тексеруде.

Зымыран тасығышқа отын ұшырылымға үш сағат қалғанда құйылады, ол жұмыс зымыран ұшырылатын күн - 27 маусымда сағат 2-ге межеленген.

Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышы 27 маусымда Астана уақытымен 05 сағат 59 минутта (мәскеудің 03.59 сағаты) ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны