30.11.2007, 13:22 2436

Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңыр. 30 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық аяқталып келеді.

Қазір ғарыштық аппараттың бас бөлігін құрастыру жүргізіліп жатыр. Ғарыш айлағының мамандары "Космос" жер серігін өтпелі жүйемен түйістіреді, бұдан кейін ғарыштық аппарат пен "Бриз-М" үдеткіш блогы түйістіріледі.

Ғарыштық аппараттың бас бөлігін құрастыру аяқталғаннан кейін ол "Протон-М" зымыран тасығышымен түйістіріледі. Бұдан кейін зымыран тасығыштың штаттық тексерулері мен ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары басталады.

"Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы 8-желтоқсанда ғарышқа жол тартуға тиіс.

Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш "Протонның" екіншісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны