11.06.2009, 18:14 3285

Байқоңырда "Меасат-1Р" ғарыштық аппараты мен ғарыштық бас бөлік зымыранмен құрастыру үшін тасымалдануда

Байқоңырда "Меасат-1Р" ғарыштық аппараты мен ғарыштық бас бөлік зымыранмен құрастыру үшін тасымалдануда

Байқоңыр. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Меасат-1Р" ғарыштық аппараты мен ғарыштық бас бөлік зымыранмен құрастыру үшін тасымалдануда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырда Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратын ұшыру дайындықтары қарқынды жүзеге асырылуда.

Ғарыштық аппарат пен ғарыштық бас бөлік ғарыш айлағының №31 алаңының монтаж-сынақ корпусынан ғарыш айлағының №42 алаңының монтаж-сынақ корпусына "Зенит-2SБ" зымыран тасығышымен құрастыру үшін тасымалдануда.

"Зенит-2SБ" зымыран тасығышын ДМ-SLБ үдеткіш блогымен және Малазияның "Меасат-1Р" ғарыштық аппаратымен бірге Байқоңыр ғарыш айлағының №45 алаңынан 2009 жылдың 22-маусымында Астана уақытымен сағат 02.30-да ұшыру жоспарланған.

Сондай-ақ, Байқоңырда ғарыштық аппараттардың кластерлік ұшырылымына пайдаланылатын РС-20 зымыранының дайынлдық жұмыстары да одан әрі жалғасуда.

РС-20 зымыраны 2009 жылдың шілде айының аяғында ұшырылады деп жоспарланған. Зымыранмен "ДубайСат-1", "Даемос-1", "ЮК ДМС-2", НаноСат-1В", "АпрайзСат-3" және "АпрайзСат-4" аппараттары ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны