25.12.2008, 12:49 1671

Байқоңырда мемлекеттік комиссия "Протон-М" зымыран тасығышы мен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жөнінде шешім қабылдады

Байқоңырда мемлекеттік комиссия "Протон-М" зымыран тасығышы мен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жөнінде шешім қабылдады

Байқоңыр. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда мемлекеттік комиссия "Протон-М" зымыран тасығышы мен үш бірдей "Глонасс-М" жер серігін ұшыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін ұшырылым кешенінде 22 желтоқсанда №81 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылған "Протон-М" зымыранын ұшырылымға дайындық операциялары аяқталады.

Мемлекеттік комиссия ғарыш зымыранын ғарыштық отын құрамымен толтыру жөнінде шешім шығарды. Мемлекеттік комиссия мүшелері мен техникалық жетекшілер ғарыштық ұшырылымға арналған зымыранның дайындығын, ұшырылым қондырғысы, сондай-ақ "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Глонасс-М" жер серіктерінің ұшырылымына қатысы бар басқа да ғарыш айлағындағы инфрақұрылым нысандарына байланысты қорытындысын жасады.

Үш бірдей "Глонасс-М" жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.

Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" атты жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымы 25 желтоқсанға Астана уақытымен 16 сағат 43 минутқа межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны