31.01.2008, 11:45 2677

Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы жалпы құрастырыла бастады

Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы жалпы құрастырыла бастады

Байқоңыр. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы жалпы құрастырыла бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышының биылғы жылдағы екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары жалғасуда.

Кеше кешке М.Хруничев атындағы орталық мамандары №92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусының №101 залында Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігі, өтпелі жүйе мен "Бриз-М" үдеткіш блогынан тұратын ғарыштық бас бөлікті құрастырып бітіріп, бұдан кейін бас бөлікке бас обтекатель орнатылып, ол накаткадан өтті.

Бұдан кейін ғарыштық бас бөлік "Протон-М" зымыран тасығышымен түйістіру үшін жалпы құрастыру залына тасымалданды.

Дайындық кестесіне сәйкес, зымыран тасығыш ғарыштық бас бөлікпен түйістірілгенен кейін "Протон-М" зымыран тасығышы "Бриз-М" үдеткіш блогының қозғалтқыштарына отын құю үшін техникалық жанармай құю станциясына тасымалданады.

"Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындақтары ұшырылым кешенінде жалғасады. "Протона-М" №200 алаңның №39 ұшырылым қондырғысына 7 ақпанда шығарылады деп межеленген.

Қазір М. Хруничев атындағы орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары ұшырылым кешенінің ұшыру қондырғысын дайындауда, онда 28 қаңтарда "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Экспресс-АМ33" ғарыштық аппаратын ұшыраудан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Салмағы 2450 килограмм болатын, 24 транспондермен қамтамасыз етілген "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. Жер серігі Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған.

"Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жалғастырады. Telenor жер серіктерінің тобы екі ғарыштық аппараттан тұрады.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны