24.01.2008, 18:30 2984

Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін геостационар орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін геостационар орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады

Байқоңыр. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін геостационар орбитаға шығаруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құйыла бастады, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ғарыш айлағында "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын"Протон-М" зымыран тасығышының екінші ұшырылыман дайындық жұмыстары жалғасуда.

Бүгін №31 алаңның жанармай құю бекетінде көліктік химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының мамандары "Бриз-М" үдеткіш блогына жанармай құюға кірісті және ол екі күнге созылады.

Дайындық кестесіне сәйкес, бұдан кейін жер серігі ғарыштық бас бөліктің құрамында "Бриз-М" үдеткіш блогымен түйістіру үшін №92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі.

М.Хруничев атындағы орталық мамандары №92А50 алаңының монтаж-сынақ корпусында Норвегияның "Тор-2Р" телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының жүйелеріне сынақтар жүргізуде.

Салмағы 2450 килограмм болатын, 24 транспондермен қамтамасыз етілген "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. Жер серігі Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған.

"Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жалғастырады. Telenor жер серіктерінің тобы екі ғарыштық аппараттан тұрады.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны