22.08.2007, 18:46 2965

Байқоңырда орбитаға тәжірибелік тышқандарды жеткізетін "Фотон-М-3" ғылыми жер серігін ұшыруға дайындалуда

Байқоңырда орбитаға тәжірибелік тышқандарды жеткізетін "Фотон-М-3" ғылыми жер серігін ұшыруға дайындалуда.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 22- тамыз. БАЙҚОҢЫР. Байқоңырда орбитаға тәжірибелік тышқандарды жеткізетін "Фотон-М-3" ғылыми жер серігін ұшыруға дайындалуда. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, бүгін № 112 алаңының монтаж-сынақ корпусында бас кәсіпорынның, сондай-ақ, Самаралық "Прогресс" орталық конструкторлық бюросының Байқоңыр филиалы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы мамандары ғарыш аппаратына тәжірибелік тышқандар өмір сүретін арнайы биоконтейнерлерді орнатты. Тышқандардың өздерін, баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, ғарыш айлағына ұшырылым қарсаңында әкеледі. "Дәрі-дәрмектердің сынақтары жүргізілетін ғарышкер-тышқандар сараптама аяқталғаннан кейін Жерге түсірілетін аппаратпен қайта оралады",- деп түсіндірді ғарыш орталығындағылар.

Сонымен қатар, бүгін мамандар ғарыш аппаратындағы ғылыми аппаратпен жоспарлы жұмыстар жүргізді.

Үшінші реттік саны бар ғылыми "Фотон-М-3" жер серігі (бірінші "Фотон-М-1" 2003-жылы апат кезінде жойылса, екіншісі өз миссиясын 2005-жылдың мамыр-маусым айларында табысты атқарып шыққан) ресейлік және еуропалық конструкторлардың бірегей жобасы болып табылады және ол Самарадағы "ЦСКБ-Прогресс" зауытында жасалған.

"Фотон-М" ғарыш аппараты ғарыш технологиясы саласында сараптамалар жүргізуге, өнеркәсіп пен ғылымның әртүрлі салаларының мүддесінде биологиялық препараттар мен материалдар өндіруге арналған. Ғарыштық аппараттың салмағы алты жарым тоннадан асады. Ғылыми жабдықтар түсірілетін апараттың ішінде де, оның сыртқы бетінде де орналастырылған. Жалпы алғанда "Фотон-М-3" аппаратында жалпы салмағы 640 кг болатын 16 ғылыми жабдықтар кешені орнатылған. Екі аптаға созылатын ұшу барысында жер серігінің бортында 45 ғылыми сынақтар жүргізу межеленген.

Ұшырылымнан кейін "Фотон-М-3" түсірілетін аппараты Жерге ғылыми жабдықтар мен сынақтардың нәтижесін жеткізеді. "Фотон-М" ғарыштық аппараты мен "Союз-У" зымыран тасығышы 14 қыркүйекте ұшырылады деп жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны