02.04.2007, 18:13 3175

Байқоңырда пилотты "Союз ТМА-10" ғарыш кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

БАЙҚОҢЫР. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағында пилотты "Союз ТМА-10" ғарыш кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісі "Байқаңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап отырып хабарлайды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылымға дайындық кесте бойынша жүргізілуде.

"1-сәуірде 254-ші алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз ТМА-10" ғарыш аппаратын тексеру жұмыстары мен бас бөлігімен түйістіру жұмыстары жүргізілген. 31-наурызда "Союз ТМА-10" ғарыш кораблі ауыспалы отсекпен түйістірілген",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

"Бұдан кейін, ұшыру дайындығының жоспарына сәйкес, "Союз ТМА-10" ғарыш кораблі зымыран тасығышы мен ғарыш кемесін құрастыру үшін 112-ші алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі, ал 5-сәуірде "Союз-ФГ" зымыран тасығышы "Союз ТМА-10" ғарыш кемесімен бірге №1 алаңға ұшырылым алдындағы ақырғы дайындықтар үшін шығарылады",- деп нақтылап өтті Федералдық ғарыш орталығындағылар.

Бұрын хабарлағанымыздай, Халықаралық ғарыш станциясына баратын экспедицияның экипажы мен "Союз ТМА-10" кемесін алып ұшатын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы 7 сәуір күні Астана уақыты бойынша 21 сағат 31 минутқа белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны