20.07.2007, 17:21 2681

Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесін тамызда ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

БАЙҚОҢЫР. 20 шілде. Kazakhstan Today. Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесін тамызда ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде . Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, №254 монтаж-сынақ корпусында жүк тасушы ғарыш кемесіне қатысты қозғалтқыш қондырғына отын мен сұйытылған газ құю алдындағы ақырғы шаралар жүзеге асырылуда. "Дайындық кестесіне сәйкес, 23-шілде, дүйсенбіде "Прогресс М-61" транспорттық жүк кораблі №31 алаңдағы жанармай құю станциясына жеткізіледі, онда қозғалтқыштарға отын мен сұйытылған газ толтырылады", -деп хабарлайды орталық.

Осымен бір уақытта №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары мен Самарадағы "Прогресс" арнаулы орталық конструкторлық бюросының мамандары "Союз-У" зымыран тасығышының екінші сатысын құрастыруда. 17 шілдеден бастап "Байқоңыр" ФҒО мамандары мен В. Бармин атындағы жалпы машина жасау жөніндегі №1 конструкторлық бюросының пайдалану және сынақтар орталығының мамандары №1 алаңда ұшыру кешенінің жабдықтарын тексеруге және "Союз-У" зымыран тасығышы мен "Прогресс М-61" жүк кемесін қабылдап алуға дайындала бастады.

"Прогресс М-61" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

"Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны