24.07.2007, 18:01 2887

Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын құю жүргізіліп жатыр

БАЙҚОҢЫР. 24-шілде. Kazakhstan Today. Байқоңырда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын құю жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары мен химиялық және транспорттық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро мамандары, осы бюроның пайдалану және сынақ орталығының мамандары № 31 алаңның жанармай құю станциясыда "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ құюға кірісті. "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ құю аяқталғаннан кейін №254 алаңының монтаж-сынақ корпусына қайта әкелініп, ғарыш кемесіне қорытынды сынақ жасалады, содан кейін бас обтекательді сынағы мен "Союз-У" зымыран тасығышпен құрастыру жұмыстары жүзеге асырылады.

"Прогресс М-61" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.

"Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны